Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жылдық жұмыс қорытындысымен Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ақпарат саласындағы жұмысы үшін, үздік деп танылды.
Құрметті марапатты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты жағдайда табыс етті.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2021 жылғы бекіткен 7 бағытының бірі – Ақпарат және қоғаммен байланыс саласы бойынша белсенді қызмет көрсетіп, сүбелі еңбек еткен сізге және барша өкілдік ұжымына айрықша алғысымды білдіремін» делінген хатта.
Қазіргі таңда Атырау облыстық «Иманғали» мешітінде amin.kz медиа студиясы жұмыс істеп жатыр. Заманауи студия ютуб арнаны, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарды және amin.kz сайтын біріктіріп отыр.
Еске сала кетелік, бүгін елордада мүфтияттың кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті. Онда 2021 жыл жұмыстары қорытындыланды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.