Бүгін Атырау қаласында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Иманғали» мешітінде өткен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты.
Игі іс-шарада Бас мүфти: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің күнделікті жұмысында қайырымдылық іс-шараларына басымдық береді.
Халқымыз «Қуантсаң баланы қуант, ақылына сәуле түссін» дейді. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты да осы – баланың жүрегіне қуаныш ұялату. Алла Тағала осы балалардың зейінін ашып, еліміз бен жеріміздің игілігіне қызмет ететін тұлғалар болуын нәсіп еткей. Әр отбасыға бақыт пен жақсылық тілеймін» деді.
Айта кетсек, қайырымдылық акция аясында 40 отбасыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары берілді.