Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы м.а. Диана Есеновамен кездесті.
Кездесуде орталықтың дінаралық татулықты сақтау тұрғысында атқарып жатқан негізгі жұмыстары сөз болды. Сондай-ақ 7-8 қазан күндері Астанада өтетін Хатшылық отырысының тақырыбы талқыланды. Одан бөлек 9 қазанға жоспарланған Жас діни лидерлер форумының да барысы айтылды.
Кездесу барысында тараптар бұған дейін Діни басқарма мен Орталық арасында қалыптасқан әріптестік қарым-қатынастардың одан әрі жалғасатынын жеткізіп, ортақ жобалар бойынша қолдайтынын мәлімдеді.