Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы зиярат жасады.
ҚМДБ Төрағасы ізгілік пен имандылықты насихаттауға сүбелі үлес қосқан ұстаз рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.
«Алла Тағала киелі мекен – Түркістанда жерленген ел билеген хан-сұлтандарымызды, абыз-әулиелерімізді рақымына бөлегей. Жаратушы Жаббар Иеміз Қожа Ахмет Ясауи бабамызды мейіріміне алғай. Еліміз аман, жеріміз тыныш, егемендігіміз баянды болғай» деп дұға етті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетейік, бүгін Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтетін бірқатар ауқымды іс-шараларға қатысады.