Белгілі тарихшы Айшуақ Дәрменұлы MUFTIYAT баспасынан шыққан кітаптар туралы пікір білдірді. Тарихшының пікірін бейнематериалдан көре аласыздар.
Айта кетсек, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған жұмыс сапарында зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Кездесуде ақын, публицист, аудармашы Мейірхан Ақдәулетұлы, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы Ақылбек Дадин, тарихшы Айшуақ Дәрменұлы, т.б. ғалымдар Діни басқарма шығарған «Ихсан – рухани тәрбие негізі», «Толық адам» тақырыбында жазылған кітаптар туралы ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесу соңында аталған қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, зиялы қауым өкілдеріне сыйға берілді.