Атырауда «Иманғали» мешітінде 62 отбасына азық-түлік таратылды

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық шарасы жалғасуда. Шағбан айының құрметіне көп балалы, мұқтаж отбасыларға  етпен көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шарасы 62 отбасын қамтыды.

«Біз үнемі қайырымдылық шарасын өткізіп келеміз. Мақсатымыз – мұқтаж жандардың көңіліне кішкене қуаныш ұялату. Мешіт жанашырлары қолдау білдіріп, азық-түлікпен, киім – кешекпен көмек қолын созып жатады. Мешітке түскен қандай да қайырымдылыққа жұмсалатын дүние міндетті түрде мұқтаж жандардың керегіне жұмсалады. Әр-түрлі жағдайға тап болған жолаушылар да мешітке келіп, көңілі жай табады» ұйымдастырушылар.

Қайырымдылық шарасы әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды, «Жусан» операциясымен оралғандарды және экстремизм, терроризм бабымен сотталғандардың отбасыларын қамтыды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.