Атырауда Наурыз мерекесінде мешіт имамы алғыс алды

Атырау қаласына қарасты Тасқала елдімекеніндегі «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов алғыс хатпен марапатталды.

Наурыз мерекесінің құрметіне орай марапатты имамға Кеңөзек ауылдық округінің әкімі Ернар Өтешқалиев табыс етті.

«Радикалды ағымдардың қоғамға тигізер зияны мен зардабын халыққа түсіндіріп, жастарға оң бағыт берудегі еңбегіңізге алғыс білдіремін. Жас ұрпақ тәрбиесіне және ауылымыздың ауызбірлігіне сіңірген еңбегіңіз жемісті болсын» делінген алғыс хатта.

Еске сала кетелік, Наурыз мерекесіне орай, «Мәулімберген» мешітінде жамағатқа арналған рухани шара өтті. Онда дін мен дәстүр, береке, ынтымақ, бірлікті сақтаудың маңызы тақырыптарында уағыз айтылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.