Әз Наурыз: Атырауда мешіт жамағаты садақ атудан сынға түсті

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті Наурыз мерекесінің құрметіне орай, садақ атудан жарыс ұйымдастырды.

Іс шараға мешіт қызметкерлері мен жамағат қатысты.

«Наурыз – береке-бірліктің, ынтымақтың мерекесі. Бұл күні халқымыз бір-біріне ізгі тілектерін арнайды, көріседі. Осындай мерекені ұлттық ойындарымызды, салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін құрал ретінде пайдаланудың да әбестігі жоқ. Біз садақ ату ойынын таңдап алдық. Садақ ату – адамды мергендікке, жылдам шешім қабылдауға баулиды. Әрі адамның бойындағы жауапкершілік қасиетінің артуына да ықпал етеді» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.