Атырауда «Мәулімберген» мешіті ауыл үлкендеріне құрмет көрсетті

Атырауда «Мәулімберген» мешітінде рухани кеш өтіп, оған ауыл ақсақалдары мен әжелер жиналды.

Рухани шараға Атырау қаласы, Тасқала ауылы «Кең-Өзек» селолық округінің әкімі Ернар Өтешқалиев пен Кеңөзек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағытжан Құлмаханов қатысты. Рухани шарада жиналғандар жастар тәрбиесі, қоғам тыныштығы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу тақырыбындағы ойларын ортаға салды.