Былтыр Атырауда 16 кәсіпорын ҚМДБ халал сертификатын алды

Өткен жылы Атырау облысы бойынша 16 кәсіпорын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» сертификатын иеленді.

Сонымен бірге, халал стандарт сертификатын жаңартқан кәсіпорындардың саны 18-ді құрады.

  • Қасапшылық рұқсатын алған кәсіпорындар саны- 3;

  • Тексерілген мекемелер саны – 211;

  • «Халал» тақырыбында жарияланған материалдар саны – 97;

Айта кету керек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған халал стандарттау және сертификаттаумен айналысатын «Халал Даму» ЖШС Малайзияның исламды дамыту департаменті (JAKIM) ұйымынан аккредиттеуден өтіп, құрамына әлемнің 43 алпауыт мемлекеті кіретін әлемдік халал сертификаттаумен айналысатын 75 мекемелердің тізіміне енді.Олардың құрамында: АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Германия, Франция, Италия, Корея, Жапония сынды әлемнің дамыған алпауыт елдері және Египет, Пәкістан, БАӘ секілді мұсылман елдері де  бар.