Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде шағын мерекелік шара өтті.
Бұған дейін ҚМДБ-ның Әйел – қыздар секторы Атырау облысы бойынша өкілдігінің жанынан «Хатым Құран» тобы ашылған болатын. Әжелер, аналар және жас шәкірттерден тұратын топ құрамымен бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы кездесіп, қатысушыларды бірлік күнімен құттықтады.
«Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) үмметіне «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны үйреткендерің» деп өсиет еткен. Құран оқу сауапты іс. Және Құран оқылып, азан шақырылған жерде, елде береке артады. Сауапты амал атқарып жүрген Сіздерге Алла разы болсын» деді Алтынбек Ұтысханұлы.
Шара аясында топ мүшелеріне Рамазан сыйлықтары табыс етілді. Және жиын соңында елдің бірлігі, тыныштығы үшін дұға жасалды.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.