Атыраулық дін қызметкерлері тұрғындарды бірлік күнімен құттықтады (+ ВИДЕО)

Бүгін еліміз Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтіп жатыр.

1 мамыр – ізгілікті, достықты, ынтымақты насихаттайтын айрықша мереке.

Атыраулықтарға видеоқұттықтау жолдаған дін саласы мамандарының арасында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, Успен соборының иерейі Михаил Соколов, «Шапағат» деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологы Омар Ким бар.