Атырау: «Иманғали» мешітінде 55 отбасыға азық-түлік үлестірілді (ФОТО)

«Берекелі Рамазан керуені» қайырымдылық марафоны аясында Атырауда кезекті акция өтті.

Орталық «Иманғали» мешітінде өткен акция барысында 55 мұқтаж отбасына азық-түліктей көмек көрсетілді.

«Бұл отбасылар негізінен мешітімізге мұқтаж ретінде тіркелгендер. Олардың арасында көп балалы аналар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін санаттағы азаматтар бар» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының мешіттерінде бір күн ішінде 600-ден астам отбасына 12 тонна азық-түлік таратылған болатын.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.