Доссор мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Мақат ауданының Доссор орталық мешітінде Рамазан айына орай, қайырымдылық шарасы өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасыға азық-түлік таратылды.

Еске сала кетелік, Рамазан айының құрметіне ауыл, аудан, қала мешіттерінде күн сайын ауызашар беріліп, қайырымдылық шарасы тұрақты ұйымдастырылуда. Күні кеше ғана балаларға Рамазан тәттілері таратылып, мұқтаж отбасыларға Атырау қаласындағы бірнеше мешітте азық-түлік, құрбан малының еті таратылған болатын.