Доссорда Рамазан айына байланысты рухани кеш өтті

Мақат ауданына қарасты Доссор мұсылмандар мешітінде «ән Нұр» әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыру ымен «Рамазан – тақуалық айы» атты рухани кеш өтті.

Рухани кешке жергілікті жамағатпен бірге, Атырау облысы әйел-қыздар секторының басшысы,
«Иманғали» орталық мешітінің ұстазы:
Айсәуле Жәнібекқызы, «Әр-Рахман» мешітінің ұстазы және теолог Назгүл
Данаева, «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің ұстазы Гүлдерай Кәкімқызы, Мақат мешітінің ұстазы Баян Пердеқожақызы арнайы келіп, уағыз – насихат айтты.

Рухани кеш аясында «Құран әліппесін» бітірген 12 шәкірт марапатталды.