Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.
«Елдегі діни ахуалды жақсарту және кейбір маңызды мәселелерге қатысты білікті сарапшылардың ұсыныс-пікірлерін алып, олардың кеңесіне жүгіну – маңызды қадам. Бұл ретте ҚМДБ жанынан «Діни сарапшылар кеңесін» құрамыз» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.