Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен келе жатқан Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары пысықталды.
Жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген ережелерге орай жұмыс жасау керектігі айтылды. Биылғы жылғы Қасиетті Құрбан айт «QURBAN 2022» сайты арқылы онлайн және офлайн түрде жүзеге асырылады. Ең бастысы санитарлық талаптар мен шариғи үкімдер басты назарға алынатын болады.
Құрбандық шалу рәсіміне ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің сертификатын алған қасапшылар жұмысқа тартылады және оларға арнайы семинар өткізіледі» деп атап өтті Бас имам.
Сондай-ақ, Құрбан айтты өткізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, нақты тапсырмалар берілді.