Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімінің биыл елімізде офлайн және онлайн форматта өткізу мүмкіндігін ұсынып отыр. Бұл туралы Атырау облысының имамы Алтынбек Ұтысханұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Ел азаматтарына, әсіресе, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайтын іске қосты. Құрбандық шалу рәсімін ниет етіп, басқа біреуге тапсырып, оны осы істе өкіл етуге дінімізде рұқсат берілген» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетсек, Атырау қаласында құрбандық шалатын 5 орын белгіленді.
Құрбан айт күндері «Тума», » Асыл агро», «Береке», «Атырау ет орталығы», «Адал» мал базарларында құрбан малын союға мүмкіндік болады.