Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен ІІ республикалық мұсылман әйелдерінің «Әсем киім – әйел ажары» сән киім байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Қазылардың шешіміне сәйкес, Жұлдыз Шарипова (Алматы облысы) мен Сарвиноз Фазыловаға (Маңғыстау облысы) ынталандыру сыйлығы берілді. Үшінші орынға Зульфия Ақатаева (Алматы қаласы) лайықты деп танылды. Ал екінші орын Айзада Кененге (Атырау облысы) бұйырды. Жүлделі бірінші орынды Мақпал Ысмайылова (Астана қаласы) жеңіп алды.
Айта кетейік, іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – әйел-қыздарға шариғат пен дәстүрімізге сай, қазіргі заман талабына орай орамал мен мұсылманша киім үлгілерін ұсыну.
Байқауда облыс-өңірден келген жиырмаға жуық дизайнердің ұсынған 200-ден астам мұсылманша киім үлгілері көрсетілді.