ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастап Атырау облысына келген делегация құрамындағы Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре жергілікті мешіт жамағатына насихат айтты.
Атырау қаласындағы Әт-Тақуа мешітінде өткен кездесуде Ерсін Бекайдарұлы:
«Исламның міндеті – бейбітшілік. Біздің дін бірлікті, ынтымақты насихаттайтын дін. Ықылым заманнан мұсылман болған ата-бабаларымыз «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген. Бірлікте болуды Әзиз Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) насихат етіп кеткен» дей келе, кездесуге қатысушыларды мешіт жанынан ілім алуға шақырып, түрлі жат ағымның арбауына түсіп қалмау турасында насихатын жеткізді.