Есек өлімі туралы оқиға

ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ 50-ЖЫЛДАРЫ АРАБ ЕЛДЕРІНДЕГІ ИНСТИТУТТАРДЫҢ БІРІНДЕ ДІН МЕН АТЕИЗМ ТУРАЛЫ ПІКІРТАЛАС ТУЫНДАДЫ.

БІР СТУДЕНТ БАРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫНА ШЫҒЫП, ҚОЛЫНА САҒАТ ҰСТАП: «ЕГЕР АЛЛА БАР БОЛСА, ОНДА МЕН БІР САҒАТТАН КЕЙІН ӨЛЕЙІН!» – ДЕДІ.


БҰЛ КӨПТЕГЕН СТУДЕНТТЕР МЕН МҰҒАЛІМДЕР КУӘ БОЛҒАН ТАҢҒАЛАРЛЫҚ ОҚИҒА БОЛДЫ. АРАДА БІР САҒАТ ӨТТІ, БҰЛ СТУДЕНТ ҚАЙТА ТҰРЫП: «ЕГЕР АЛЛА БАР БОЛСА, МЕНІ ҚАЛАЙДА ӨЛТІРЕТІНІН КӨРМЕЙСІҢ БЕ?» – ДЕДІ.

СТУДЕНТТЕР ТАРАП КЕТТІ: БІРЕУЛЕР ШАЙТАННЫҢ АЗҒЫРУЫНА БЕРІЛДІ, БІРЕУЛЕР АЛЛАНЫҢ ХИКМЕТІМЕН ОҒАН УАҚЫТ БЕРГЕНІН АЙТЫП, ИМАНЫНДА БЕРІК БОЛЫП ҚАЛА БЕРДІ. БҰЛ БАЙҒҰСТЫҢ СӨЗІНЕ СЕНІП, ОНЫҢ КҮПІРЛІГІН БӨЛІСКЕНДЕР ДЕ БОЛДЫ. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІ БОЛСА, ӨЗ ДӘЛЕЛІМЕН ИМАН КЕЛТІРГЕНДЕРДІ ЖЕҢГЕНІНЕ ҚУАНА, ҮЙІНЕ ЖҮГІРДІ.


ҮЙІНДЕ ОҒАН АС ӘЗІРЛЕП, ӘКЕ-ШЕШЕСІ КҮТІП ОТЫРДЫ. СТУДЕНТ БЕТІ-ҚОЛЫН ЖУЫП, БІРАҚ ӘКЕ-ШЕШЕСІНЕ ЖЕТПЕЙ, ЖЕРГЕ ӨЛІП ТҮСТІ. КЕЙІН ОНЫҢ МӘЙІТІН ТЕКСЕРГЕН ДӘРІГЕР ОНЫҢ ҚҰЛАҒЫНА КІРГЕН СУДАН ӨЛГЕНІН АНЫҚТАДЫ. БҰЛ ОҚИҒА ТУРАЛЫ ДОКТОР АБДУРАЗАҚ ИБН НӘУФӘЛ БЫЛАЙ ДЕГЕН: «АЛЛА ОҒАН ЕСЕК ӨЛІМІНЕН БАСҚА ӨЛІМ БЕРМЕДІ». АЛ ЖЫЛҚЫНЫҢ НЕМЕСЕ ЕСЕКТІҢ ҚҰЛАҒЫНА СУ КІРСЕ, БҰЛ МАЛ БІР САҒАТТА ӨЛЕТІНІ БЕЛГІЛІ.

ОСЫ ЖЕРДЕ ТӨМЕНДЕГІ АЯТПЕН ТӘМӘМДАСАҚ ОРЫНДЫ БОЛАР ЕДІ:

(Алланың үндеуіне құлақ аспай) күпірлік қылғандардың мысалы бейне бір (шопанның) айқайынан басқа түк ұқпайтын, маңыраған бір отар мал сияқты. Олар (ақиқатты естімейтін) керең, мылқау және көрсоқыр. Сондықтан олар еш нәрсенің байыбына бармайды, ақылға салып ойланбайды.

(«Бақара» сүресі 2:171)

Аударған:

Ержан ҚУАНЫШҰЛЫ,

«Сұлтан Бейбарыс» мешітінің имамы, Атырау қаласы