Атырауға «Зекет» қорының басшысы Қанат Қыдырмин келді

«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин Атырау облысына жұмыс сапары аясында орталық «Иманғали» мешітінде жергілікті жамағатпен кездесті.

Жұма уағызын жүргізген ұстаз Қанат Қыдырмин «Қасиетті Құрандағы мүминнің сипаты» тақырыбында уағыз айтты.

“Мұсылман мұсылманның бауыры. Мұсылман бауырына зұлымдық етпейді, оны сөкпейді. Кім бұл дүниеде мұсылман бауырының айыбын жасырған болса, Алла Тағала оның айыбын Қияметте жасырады” деп атап өтті ұстаз Қанат Қыдырмин.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.