Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Ислам энциклопедиясы» кітабының таныстырылымында Ислам тарихын зерттеуші-ғалым, профессор Әшірбек Мүминов осылай деді.
«Исламға қатысты мұндай еңбек елімізде мамандар тарапынан академиялық тұрғыдан алғаш рет жазылып отыр. Бұл мәдениетіміздегі, ғылымдағы үлкен оқиға деп білемін. Әрине басқа тілдерде бұрын ислам энциклопедиясы жинақталған. Ал қазақ тілінде жарық көруі – дүниежүзілік ғылымға қосылған кезекті жобаның бастауы» деді.
Айта кетейік, «Ислам энциклопедиясы» діни сала қызметкерлері мен ізденуші шәкірттер, ғалымдар және жалпы оқырман қауымға арналған.