Бүгін Атырау облыстық «Иманғали»орталық мешітінде «Адал ас жанға – дауа, тәнге-шипа» тақырыбында әйелдерге арналған семинар өтті.
Жиынды ашқан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлын қазақ танымындағы адал ұғымы, Қасиетті Құран аяттарындағы адал асқа мән беру керектігін меңзейтін аяттарға қысқаша тоқталды.
«Қасиетті дініміз қашанда адалдыққа ерекше мән береді. Адал аспен қоректену арқылы дұғамыздың қабыл болуына тікелей байланысты екендігін айтады. Сондықтан бүгінгі дәрісте айтылатын мәселелері өзекті болып отыр» Бас имам.
ҚМДБ жанындағы «Халал ДАМУ» ЖШС-нің бас сарапшы технолог маманы Айжан Омарова халал стандарт бағытындағы жұмыстар туралы тоқталып, елімізде халал сертификатын алған мекемелер мен халал өнімдер туралы ақпарат берді.
Жиынға қатысқан Халал Даму мекемесінің Атырау облысындағы өкілі Қайрат Аманжолұлы өңірдегі сертификатталған мекемелер мен олармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Кездесуде қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.