Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейне құттықтауымен басталған республикалық имамдар форумында «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары қабылданды.
Аталған құжаттар жұртшылық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіруге және зияткер имам мәртебесін беруге лайықты дін қызметкерлерін іріктеуге оң ықпалын тигізбек.
Аталмыш форумға онлайн режимде 1000-ға жуық дін қызметкері қатысты.
Атыраудан орталық «Иманғали» мешітінде 20-ға жуық дін қызметкері жиынға онлайн форматта қосылды.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.