Атырау облысына тәжірибе алмасу мақсатында келген Ұлытау облысындағы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы Мейіржан Әнуарбеков пен Жетісу облысы Ескелді ауданының бас имамы Ордыбай Мұхаммед amin.kz медиа студиясында сұхбат берді.
Сұхбат барысында имамдар жала жабудың исламдағы үкімі, кибербуллинг тақырыптарына байланысты журналист тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
«Кiмде-кiм бiреуге зиян келтiрсе, Алла Тағала оның өзiн зиянға ұшыратады. Кiмде-кiм бiреуге қиыншылық тудырса, Алла Тағала оның өзiн қияншылыққа душар етедi». Бұл Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұхаммедтен жеткен хадис. Қазір әлеуметтік желілерді, телефонды пайдаланып, қорқыту-үркіту, бопсалау сияқты ауыр істер көбейіп кетті. Бұл жағдай өкінішке орай, үлкеннің де кішінің де арасында бар. Сондықтан, адам қандай ма бір зиянды іске бармас бұрын, өзінің іс-әрекеттері туралы ойлануы керек» деп атап өтті «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы Мейіржан Әнуарбеков.