“Иман” журналы шығармашылық байқауды қорытындылады

ҚМДБ-ға қарасты республикалық «Иман» журналы қазақ қоғамындағы отбасылық, имандылық және ұлттық құндылықтарды насихаттап, журнал оқырмандарының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Ата-анаңды аяла!» тақырыбында шығармашылық байқау жариялаған болатын.

Байқауға 70-тен астам шығарма келіп түсті. Шығармаларды кәсіби журналистерден және дін мамандарынан құралған комиссия мұқият қарап, жеңімпаздарды анықтады. Комиссияның шешімімен I орынға (250 мың теңге) Ғазиза Рахметқызының «Нала» әңгімесі лайық деп танылды.

II орынды (150 мың теңге) Әлібек Темірбекұлының «Әкені разы еткенің, тілегіңе қолың жеткені» эссесі, III орынды (100 мың теңге) Жанна Ардабайқызының әке туралы эссесі жеңіп алды.

Сондай-ақ Айгүл Сәкенқызының «Әкешім – Гималайымсың, анашым – нұрлы шуағымсың», Ерменбет Құралбайұлының «Ата-анаңды аяла», Жадыра Байқоңырқызының ата-ана туралы шығармалары ынталандыру сыйлығына (70 мың теңгеден) ие болды.

Шығармалары жүлделі орынға ие болған марапат иелерін құттықтаймыз!