Индер ауданына бір ГАЗель киім жөнелтілді

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі индерлік еріктілерге бір көлік болатын киім-кешектерді тапсырды.

Киімдер Индер ауданындағы мұқтаж шаңырақтарға таратылатын болады.

Еске сала кетсек, орталық «Иманғали» мешіті жанынан жұмыс істеп жатқан Қайырымдылық мекемесі мұқтаж шаңырақтарға киім-кешек, азық-түлік, құрбан малының етін таратумен айналысады. Мекеме Атырау қаласымен бірге, аудандардағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын қамқорлауға атсалысып отыр.