Атырауда Құрбан айтқа дайындық мәселесі талқыланды (+ВИДЕО)

Атырау мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне қарқынды дайындық жүріп жатыр.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қасиетті мерекеге байланысты дайындық жүргізу мәселесіне арналған жиын өткізді.

Қала және аудан мешіттері қатысқан жиында Бас имам ұйымдастыру жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Еске сала кетелік, Құрбан айт – 28 маусым күні басталады. Құрбандық шалу үрдісін онлайн платформа арқылы ұйымдастыру қызметі биыл да ұсынылып отыр.

Мүфтият бастамасымен Qurban2023 сайты іске қосылып отыр.