Атырауда Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар таныстырылды (+ ВИДЕО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен ҚМДБ-ның V Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттардың таныстырылымы өтті.

Жиынға қала және аудан имамдары қатысты. Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі» және «Қажының рухани келбеті» құжаттарының маңыздылығы зор. Әр құжаттың концепциясы үлкен құндылықтардан бастау алады. Оны әр имам білуі тиіс,-деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.