Атырауда рухани сайысқа қатысқан оқушы велосипед ұтып алды

Атырауда Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында «Имани жаз» лагері аясында ұйымдастырылған рухани сайыс қорытындыланды.

«Исламдағы 100 сұрақ» кітабы бойынша өткен рухани сайыста Бексұлтан Маралұлы жеңімпаз атанып, велосипед ұтып алды. Жеңімпазды Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы құттықтап, марапатты табыс етті. Екінші және үшінші орындарды Абдуллах Бауыржанұлы мен Нарұл Айдарұлы жеңіп алды.

«Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Қазіргі таңда Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында «Имани жаз» лагерінде 30 бала білім алып жатыр.