Атырауда орталық мешітте 50 қыз бала жазғы лагерьде білім алуда

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде жазғы лагерь сауат ашу курсында 50 қыз бала білім алып жатыр.

Шәкірттерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдік жетекшісі Ардақ Сайынқызының айтуынша, шәкірттерге Гүлназым Мусақызы, Арай
Аманқосқызы дәріс беруде. Ұйымдастыру жұмыстарын ұстаз Нұргүл Құдайбергенқызы

қолға алған.

Шәкірттерге «Құран әліппесі», «Имандылық» сияқты тақырыптарда сабақ беріліп жатыр.

«Жазғы лагерьдің мақсаты – балалардың демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру. Көп жағдайда телефонға телміріп отыратын балалардың интернеттің ар жағынан кімдерді қарап жүргенін ата-аналар бақылауда ұстай бермейді. Бұл жерде балалар жаңа орта, достар тауып, рухани білім алады, өздерін жан-жақты дамытады. Сабақтар көп жағдайда ойын форматында өткізілуде» дейді Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдік жетекшісі Ардақ Сайынқызы.