Атырау облысының Индер ауданына қарасты Өрлік ауылында ашылған Арал-Хазірет мешітінде алғаш рет қайырымдылық шарасы өтті.
Шара әлеуметтік қолдауды қажет ететін 10 отбасын қамтыды. Жергілікті кәсіпкерлерді жұмылдыру арқылы өткен қайырымдылық шара көп балалы отбасыларды қамтыды.
Еске сала кетсек, Тәуелсіздік күні қарсаңында Индер ауданы, Өрлік ауылында Арал Хазірет мешітінің салынған еді. 250 адамға шақталған мешіт жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен салынды. Бұл Атырау облысы бойынша ашылып отырған 49 – шы мешіт.