Исатай ауданы жамағаты арасында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Исатай аудандық Зинеден ата мешітінің ұйытқы болуымен өткен шараға 70-ке жуық жастар қатысты.
Дін мен дәстүр аясында ұлттық ойындар, спорт түрлерінен сайыстар өтті. Аудан жамағаты арасында ауызбірлікті насихаттау ең басты міндетіміз болып табылады»,- дейді Исатай ауданының бас имамы Жеңіс Құралбайұлы.
Сондай-ақ, шараға құрметті қонақ ретінде шақырылған ұстаз Еламан Жасөмірұлы бауырмалдық, пайдалы ілім алу турасында насихат айтты. Жиын соңында белсенді жастар марапатталды.