amin.kz/ 6 шілде, 2020 жыл. Исатай ауданының орталық мешіті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлынан бастау алған құрбандық шалу рәсімін жалғастырды.
Исатай ауданының орталық мешітінде қой малы құрбандыққа шалынып, ел амандығы үшін дұға жасалды.
«Жағдайдың қиындығына қарамастан, бір Алладан үмітімізді үзбеуіміз керек. Алла разылығы үшін шалынған құрбан малының еті алты отбасына таратылды. Сонымен бірге, мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеттері табыс етілді. Еліміз аман болғай. Қатерлі індет жерге сіңгей» дейді Исатай ауданының бас имамы Шалхар Дәулетханұлы.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде 200 мұқтаж отбасына құрбандыққа шалынған ірі-қаралардың және қой малының еті таратылған еді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.