Қайырымдылық керуені: «Мәулімберген» мешітінің еріктілері он отбасын азықпен қамтыды

amin.kz/ 6 шілде, 2020 жыл. Елімізде орын алып жатқан күрделі жағдайға байланысты, Атыраудағы «Мәулімберген» мешітінің «Иман жастары» еріктілері он отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты қариялар қамтылған қайырымдылық акциясын ерікті жастар қашан да қамқорлап келеді.

«Елдігіміз сыналып жатқан қазіргі кезде дұға жасап, жақсы ойда болумен бірге, мүмкіндігімізге қарай садақа беруге ұмтылғанымыз дұрыс. Қиын шақта Аллаға ең ұнамды іс құлшылықпен бірге, сауапты амалдарды көбірек атқару» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.