Атырау облысына жұмыс сапары аясында Орал медресесінің директоры, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі Талғат Мұратұлы жергілікті «Азан» радиосына сұхбат берді.
«Қандай да бір қоғамда береке мен бірлік болса, ол – Алла Тағаланың берген үлкен нығметі. Адамдар ол нығметті бағалап, оған нұқсан келтіретін барлық істерден сақтануы қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі, 103-аятында:»Қандай да бір қоғамда береке мен бірлік болса, ол – Алла Тағаланың берген үлкен нығметі. Адамдар ол нығметті бағалап, оған нұқсан келтіретін барлық істерден сақтануы қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі, 103-аятында:
«Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер», – деп, мүминдерді бірлікте болуды бұйырып, бөлінуден тыйған.
Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынов бабамыз: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс жасау керек», – дейді» деп атап өтті ұстаз Талғат Мұратұлы.
Сондай ақ, РАНТ мүшесі Атырауда түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті. Атырау қаласындағы “Сұлтан Бейбарыс” мешітінде жамағатпен жүздесіп, “Алла жақсы көретін амалдар” тақырыбында насихат айтты. Орталық “Иманғали” мешітінде жамағатқа бауырмашылдық,асыл құндылықтар турасында уағыз айтып, көкейдегі сұрақтарға жауап берді.