Атырау облысына жұмыс сапарымен келген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дін істері комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық насихат топ мүшесі Талғат Исқалиев жазасын өтеушілермен кездесті.
№15 ерлер түзету мекемесінде өткен кездесуге экстремизм, терроризм бабымен сотталған 29 жазасын өтеуші қатысты.
Кездесу барысында исламтанушы ғалым Талғат Исқалиев сотталушылардың сұрақтарына жауап беріп, кемел мұсылман бейнесі тақырыбында насихат айтты.