Махамбет ауданының Талдыкөл ауылындағы «Әл Жәмил» мешіті ауыл үлкендеріне құрмет көрсетті.
Мешіт имамы Ерлан Қуанұлының бастамасымен 30 адамға дастархан жайылып, мешіттің тыныс-тіршілігі таныстырылды.
«Қазан айы мерекелі Мәуліт пен қарттар күні тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан, ауыл үлкендерінің батасын алып құрмет көрсетуді ұйғардық» дейді мешіт имамы Ерлан Марданов.
Рухани жиында Алла Елшісінің (с.ғ.с) қоштасу қажылығынан насихат айтылды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.