Махамбет аудандық “Исатай-Махамбет” мешітінде кезекті “OILAN, TAP” атты діни-интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Игі шараның мақсаты – жамағат арасында білімді дәріптеу, дін мен дәстүр сабақтастығын арттыру, сондай-ақ логикалық ойлау мен тарихи танымды дамыту.
Білім сайысына төмендегідей 5 команда қатысты:
- Тайпақ мешіті жамағаты
- Дүйсәлі қажы мешіті жамағаты (Ақтоғай ауылы)
- Ықылас – Махамбет мешіті жамағаты
- Дәрус-Сәләм – Махамбет мешіті жамағаты
- Ансар – Махамбет мешіті жамағаты
Алты кезеңнен тұратын тартысты сайыста қатысушылар дін мен дәстүр, логика, тарих, әдебиет және жалпы дүниетанымға негізделген сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейлерін көрсетті.
Жарыс нәтижесінде:
- 1-орын – «Ықылас» (Махамбет мешіті жамағаты)
- 2-орын – «Дүйсәлі қажы» (Ақтоғай ауылы)
- 3-орын – «Тайпақ мешіті» жамағаты иеленді
- Аталмыш білім сайысы дін мен дәстүр, логика, тарих, әдебиет, жалпы әлемдік танымға негізделген қызықты сұрақтарды қамтыды. Қатысушылар ойыннан үлкен әсер мен білім алды.



