Ақтау қаласында Атырау, Орал, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының жамағаты бас қосты.
Рухани кездесуге атыраулық жамағатты Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастап апарды.
Рухани кездесуде ұстаз-ғалымдар жамағат арасындағы бірлік, ынтымақты нығайтудың маңызы, әр азаматтың жеке тұлға ретіндегі отбасы, қоғам алдындағы міндеттері туралы насихат айтты.
«Бұған дейін Атырауда алғаш рет Батыс өлкесінің жамағаты бас қосып, ауқымды форматта рухани кездесу өткен еді. Біздің мақсатымыз – рухани қуатты, бірлігі бекем орта қалыптастыру. Маңғыстаудағы жүздесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы әріптестерімізге, мешіт жанашырларына алғыс білдіреміз» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.