Мақат аудандық орталық мешіті Республика күніне орай, мешіт жамағаттарын мерекемен құттықтады.
Мереке құрметіне Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов 15 отбасына азық – түлік табыс етті.
«Республика күні – Тәуелсіздігіміздің бастауы. Осындай ұлан-байтақ жерге иелік етіп отырған біз бақытты елміз. Еліміз, жеріміз, егемендігіміз бізге аманат» деп атап өтті Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.