Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Мақат ауданында қайырымдылық турнирі өтті.
Мақсат ауыр сырқатқа ұшыраған кішкентай мақаттық Сәлімжанұлы Мырзаның еміне көмектесу. Түркиядан кешенді ем алып жүрген балаға осылайша, мақаттық жамағат көмек қолын созды.
12 команда қатысқан турнир нәтижесі төмендегідей болды.
І-орын 1998 жылғылар командасы
ІІ-орын 2002 жылғылар командасы
ІІІ-орын 2005 жылғылар командасы
ІV-орын 1999 жылғылар командасы
Жиналған жалпы қаражат 500 000 теңге ем алып жатқан сәбидің анасына табысталды.