Мақат аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Мақат ауданында кіші аяқ доптан қайырымдылық турнирі өтті.
Мақсат – емделіп жүрген мақаттық бүлдіршін Асылбекұлы Әлиханның еміне яғни, яғни, Әзербайжан астанасы Баку қаласында ем алуына қаржылай қолдау көрсету.
Жарыс өте үлкен деңгейде өтті.
Жалпы 14 команда қатысты.
Жарыс нәтижелері бойынша:
І-орын 1994 жыл
ІІ-орын 1990-91 жыл
ІІІ-орын 2000 жылғы азаматтар арасындағы командалар жеңіске жетті.
Әлиханның еміне жиналған қаражат 700 000 теңге жиналып, бүлдіршіннің әкесіне табысталды.




