Есешов Қуаныш Сәрсенұлы – Мақат ауданы, Доссор кентіндегі Сатан – Шәмек мешітіне имам болып тағайындалды.
Жаңа имамды жамағатқа Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев таныстырды.
«Имам – жәй ғана қызмет емес, рухани тұлға. Біздің имамдарымыз халықты бірлікке, елдікке үндейтін тұлға болуы тиіс» деп атап өтті ұстаз Арман Исаев.
Қуаныш Есешов 1994 жылы Мақат ауданында дүниеге келген. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы О.Тұрмағанбетұлы атындағы «Мұнай және газ» колледжінде оқыған.
2015-2021 жылдар аралығында Ливан мемлекеті, Триполи қаласы «Әл-Джинан» университетіндегі шариғат факультетін бакалавр дәрежесімен аяқтаған. Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін жетік меңгерген.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.