Қамысқала мешіті Қадір түнінде 100-ден астам адамға ауызашар берді

Исатай ауданының, Хамит Ерғалиев ауылында орналасқан Қамысқала мешіті Қадір түнін рухани шаралармен өткізді.

«Қадір түнінде 100-ден астам адамға ауызашар берілді. Ислам тарихы, ағартушылық тақырыптарында викториналық сұрақтар қойылды. Білімімен ерекшеленген жамағат арнайы сыйлықтармен марапатталды» дейді Қамысқала мешітінің имамы Қанайбек Салиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.