Мақат ауданының бас имамы марапатталды

Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов «Мақат ауданына 100 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Мерекелік награда Мақат ауданы әкімдігінің ғимаратында салтанатты жағдайда табысталды.

Атаулы медаль Біләл Сағындықовқа Мақат ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін беріліп отыр.