Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықовтың кездесуі Мақат мәдениет үйінде және Доссор мәдениет үйінде өтті.
«Руханият – ұлттық тұрақтылық кепілі» тақырыбында өткен кездесуге жергілікті тұрғындар қатысты.
«Рухани қуатты, білімі терең халықтың болашағы кемел болады. Ата-ана, отбасы, жалпы қоғам жас буынды білім алуға, жаңаны меңгеруге тәрбиелеуі қажет. Сонымен бірге, дінімізбен ұштасқан ұлттық тәрбие қатар жүруі керек. Жас буынды білімге, еңбекке, имандылыққа тәрбиелеу арқылы еліміздің кемел болашағына іргетас қалаймыз» деп атап өтті Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Кездесу барысында тұрғындар бірқатар мәселелер бойынша сауалдарына жауап алды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.