Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов жастармен кездесті.
Жастар орталығында өткен кездесу барысында Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Отбасы құндылықтары», «Некенің маңыздылығы», «Ажырасудың алдын алу» тақырыптарында уағыз – насихат айтты.
«Жастық шақ – үлкен мүмкіндіктер кезеңі. Бұл уақытты адам өзін дамытуға, білім алуға жұмсауы керек» деп атап өтті Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.