Мақат аудандық мешітінде қайырымдылық шарасы өтіп, 40 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Қасиетті Ораза айт мерекесінің құрметіне өткен ізгілікті шарада Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов жиналған жамағатқа ізгі тілектерін арнады. Және ел амандығы үшін дұға жасады.
Еске сала кетсек, қайырымдылық – мүфтияттың негізгі жұмыс бағыты болып қала береді.